Махамбет ауданында 28 қаңтарда жоғалып кеткен зейнеткер әлі табылған жоқ.
ERNUR.KZ. Атырау облысында із-түзсіз жоғалған зейнеткерді көкпаршылар іздеп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.
Еске салайық, Махамбет ауданы Бейбарыс ауылының 65 жастағы тұрғыны 28 қаңтарда сағат кешкі 19:30-да үйінен шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен. Оның жоғалғанын туыстары төтенше жағдайлар департаментіне 29 қаңтарда сағат 00:15-те хабарлаған.
Кейін зейнеткерді іздеуге 20 волонтер қосылған еді. Алайда, жоғалған ер адам туралы бірде-бір дерек жоқ.
Ал бүгін, 2 ақпанда зейнеткерді іздестіруге «Сарайшық» командасының көкпаршылары мен Бейбарыс ауылының тұрғындары тартылды.
«Махамбет ауданында 28 қаңтарда жоғалып кеткен зейнеткер әлі табылған жоқ. Бүгін оны іздестіру іс-шарасына 64 адам, 13 техника және «Сарайшық» командасының көкпаршылары 14 жылқымен шықты. Әзірге еш нәтиже жоқ», - деп мәлім етті Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.