Әскери "КамАЗ" жүк көлігі мен жедел жәрдем соқтығысқан.
ERNUR.KZ. Атырау облысында жол-көлік оқиғасы орын алып, жедел жәрдем бригадасыны төрт қызметкері опат болды, деп жазады Stan.kz.
Бұл туралы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.
Оқиға Исатай ауданы Зинеди ауылына жақын жерде орын алған. Жаңа Астрахан тас жолында әскери "КамАЗ" жүк көлігі мен жедел жәрдем соқтығысқан. Салдарынан медициналық қызметкерлердің төртеуі де сол жерде жан тәсілім етті.
Жүк көлігінің тізгінінде 20 жастағы отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт болыпты.