Атырау облысында жолаушылар автобусы жолдан шығып кетті

0
527

Бұл кезде автобус салонында 10 жолаушы болған.


Атырау облысында жолаушылар автобусы жолдан шығып кетті

ERNUR.KZ. Атырау облысында жолаушылар автобусы жол жиегіндегі суға түсіп кетті. Оқиға "Атырау-Доссор-Құлсары-Бейнеу" жолында болған, деп жазады stan.kz.

Жол-көлік оқиғасы кеше, 4 мамырда сағат 11:00 шамасында болған. Бұл деректі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

"Маңғыстау облысының Бейнеу ауылынан Атырауға келе жатқан жолаушылар автобусы республикалық маңызы бар "Атырау-Доссор-Құлсары-Бейнеу" жолының 109-шақырымында күре жолдан шығып кетті. Автобусты 1984 жылы туған ер адам басқарған. Жүргізуші рульге ие бола алмай қалған. Бұл автобустың жолдан шығып кетуіне себеп болды. Сөйтіп, автобус жол жиегіндегі суға түсіп кеткен", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Бұл кезде автобус салонында 10 жолаушы болған. Олар дін-аман.