Атырау жастары тазалық акциясына қатысты

0
1 946

Акция «Жасыл ел» бағдарламасы, «Жасыл қала-жасыл ауыл» жалпыұлттық жобасы аясында жүзеге асырылған.


Атырау жастары тазалық акциясына қатысты

ERNUR.KZ. Атырау жастары “ECO-challenge” акциясына қатысты. Экологиялық акция еліміз бойынша бір күнде, бір уақытта республикалық жастардың қатысуымен өтті, деп жазады baq.kz.

Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасына қоғамдық бірлестіктер мен «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының облыстық штаб өкілдері қолдау көрсеткен. Одан бөлек, өңіріміздегі жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері де атсалысты.

Акция «Жасыл ел» бағдарламасы, «Жасыл қала-жасыл ауыл» жалпыұлттық жобасы аясында жүзеге асырылған. Акцияның басты мақсаты – облыс тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Тазалық жұмыстары Атырау ықшам ауданында орналасқан айналма жол көпірі маңындағы Жайық жағалауында жүргізілді. Бұл экологиялық акцияға облыс бойынша 500-ге жуық жас қатысқан. Тазалық жұмыстарының нәтижесінде Жайық жағасынан 100 қапқа жуық қоқыс жиналды.



«Мұндай акцияны осымен екінші рет өткізіліп жатырмыз. Бұл осымен ғана шектелмейді. Мақсатымыз Атырау облысындағы Жайық жағалауларын, саябақтарды, алаңдарды тазалау. Біздің жастар арасында өткізетін эко челлендж,трэштек, блогинг.кз, апгрейд сынды акцияларымыз күзге дейін жалғасады», - дейді Атырау облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы Әйгерім Құрманберлиева.