Атырауда 10 жасар баланың аяғы субұрқақтың құбырына қысылып қалған

0
349

Құтқарылған ер адам Өзбекстан Республикасының 55 жастағы азаматы екені анықталды.


Атырауда 10 жасар баланың аяғы субұрқақтың құбырына қысылып қалған

ERNUR.KZ. Атырауда 10 жасар баланың аяғы субұрқақтың құбырына қысылып қалған, деп жазады ҚазАқпарат.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының ақпаратына сүйенсек, оқиға 20 маусымда болған.

«Он жасар бала қатарластарымен бірге жергілікті уақытпен таңертеңгі сағат 8:00 шамасында Атырау қаласының «Вокзал маңы» шағын ауданында орналасқан субұрқаққа ойнауға келген. Сол кезде оның аяғы субұрқақтың су төгетін құбырына қысылып, жасөспірім аяғын шығара алмай қалған. Осыған байланысты оның ата-анасы құтқарушылардың көмегіне жүгінді», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Оқиға орнынан жедел жеткен құтқарушылар арнайы құтқару құралымен баланың аяғын темір тұрбалар арасынан шығарды. Балаға ешқандай зақым келген жоқ.

«Ата-аналарға балаларды субұрқақтың суына түсуге жібермеуін ескертеміз. Өйткені, субұрқаққа құлау, жарақат алу қаупі бар. Жалпы, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, субұрқаққа шомылуға тыйым салынғанын қаперлеріңізге саламыз», -деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда Жайыққа батып бара жатқан шетелдік азамат құтқарылғанын жазған болатынбыз.

Ер адам өзеннің арнайы жабдықталмаған жеріне шомылуға түскен. Ол судың орта тұсына жүзіп барып, жағаға жетуі қиындаған. Оны жедел құтқару жасағының құтқарушылары Ж.Арманов, Е.Қалабаев пен С.Мұхамеджанов жаға алып шығып, полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Құтқарылған ер адам Өзбекстан Республикасының 55 жастағы азаматы екені анықталды. Ол суға алкогольдік ішімдік ішіп түскен.