16 жастағы жасөспірім Алмагүл ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінен биіктіктен құлаған.
ERNUR.KZ. Қайғылы оқиға Алмагүл ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болды, деп жазады baq.kz.
Атырау облысы полиция департаменті 2 наурыз күні сағат 23:30 шамасында 16 жастағы жасөспірім Алмагүл ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінен биіктіктен құлап қайтыс болғандығын хабарлайды, - делінген таратылған ақпаратта.
Polisia.kz деректеріне сәйкес, қазіргі таңда тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.