Атырауда 22 тонна жүк жанып кетті

0
811

Жүк көлігіне мақта рулоны тиелген.


Атырауда 22 тонна жүк жанып кетті

ERNUR.KZ. Атырау облысында Түркиядан Қырғызстанға бара жатқаншетелдік көліктің тіркемесі өртеніп, 22 тонна жүгі жанып кетті, деп жазады inbusiness.kz.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқыс оқиға Исатай ауданындағы Жанбай ауылының тұсында болған.


«31 тамызда жергілікті уақытпен сағат 03:00 шамасында «Астрахань-Атырау» жолының бойында шетелдік «MAN» көлігінің тіркемесі өртенді. Көлік жүргізушісі Түркия азаматының айтуынша, тіркемеге 22 тонна мақта рулоны тиелген. Жүкті Түркиядан Қырғызстанға апара жатқан. Өртті сөндіруге Исатай аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.


Шетелдік көліктің тіркемесіндегі жүк толығымен жанып кеткен. Ал көлік кабинасы бүлінген жоқ. Өрттен ешкім зардап шекпеді.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда шетелдік көлік өртенген еді.