Атырауда 3 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

0
221

Бала үлкендердің қарауынсыз қалған.


Атырауда 3 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

ERNUR.KZ. Атырау қаласы Нұрсая шағын ауданында 6 қабатты үйдің 2-қабатынан кішкентай бала құлап кеткен, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«16 қыркүйек сағат 20:10-да Атырау қаласы, Нұрсаяда шағын ауданында орналасқан 6 қабаттан тұратын тұрғын үйдің 2 - қабатынан ата-анасының қарауынсыз қалған 2021 жылғы бала терезеден құлағаны жөнінде хабарлама келіп түсті», - деді Атырау облысының ТЖД баспасөз қызметі.

Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, қазір бүлдіршін Атырау облыстық балалар ауруханасында жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы өте ауыр.