Әйел адамның мәйітінен зорлық-зомбылық белгілері анықталды.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Атырауда адам шошырлық оқиға болды. «Француз кварталы» элиталы тұрғын үй кешенінен әйел адамның мәйіті табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Atyrauoil басылымының мәліметіне сүйенсек, әйел адамның мәйітінен зорлық-зомбылық белгілері анықталды.
Полиция оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады.
«Атырау облысы полиция департаменті хабарлайды: аталған факті бойынша адам өлтіру дерегімен қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», - делінген облыстық ПД хабарламасында.