Жедел-тергеу тобы жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр.
ERNUR.KZ. Атырауда маршруттық автобус жүк көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды ktk.kz.
«Жол-көлік оқиғасы бүгін 11:35-те Нұрсая шағын ауданында болды. Машруттың автобус ЗИЛ жүк көлігімен соқтығысты. Зардап шеккендер бар. Жедел-тергеу тобы жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Әлеуметтік желілерде хабарланғадай, оқиға орнында 5 жедел-жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр.
«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бүгін сағат 11.35-те Нұрсая шағын ауданында болған жол-көлік апатында 12 адам зардап шекті. Олардың 8-і – ересек жолаушы және 4-уі – бала. Барлығы ауруханаға жеткізілді», - деп мәлім етті өңірдің баспасөз қызметі.
Облыстық басқарманың баспасөз қызметінде зардап шеккендердің нақты саны мен олардың халі туралы хабарланған жоқ. Барлық ақпарат кейін беріледі.