Атырауда биіктен құлаған екі электрмонтаждаушының бірі қайтыс болды

0
373

Электромонтерлер бригадасы автогидрокөтергіштің көмегімен 6-7 метр биікте жоғары вольтты электр желісінің сымдарын монтаждаған.


Атырауда биіктен құлаған екі электрмонтаждаушының бірі қайтыс болды

ERNUR.KZ. Атырауда биіктен құлаған екі электрмонтаждаушының бірі қайтыс болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқыс оқиға кеше, 10 тамызда сағат 15:00 шамасында болған.

«Атырау Жарық» АҚ-ның электромонтерлер бригадасы автогидрокөтергіштің көмегімен 6-7 метр биікте жоғары вольтты электр желісінің сымдарын монтаждаған. Сол кезде манипулятордың автомұнарасы құлап, монтаждаушы екі адам ауыр дене жарақатын алған. Оның екеуі де облыстық ауруханаға жеткізілген. Алайда, зардап шеккен жұмысшының бірі ауруханада көз жұмған.

«Қазір «Атырау Жарық» АҚ-ның қызметкері – 1979 жылы туған азаматтың өліміне қатысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 156-бабының 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Мүрдеге сот-медициналық сараптама тағайындалды» -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда ер адам электр желісіне соғылып, көз жұмған.