Атырауда бір ай бұрын жоғалып кеткен қария өлі күйінде табылды

0
601

Ол Құлсары қаласына бару үшін жаяу жолға шыққан.


Атырауда бір ай бұрын жоғалып кеткен қария өлі күйінде табылды

ERNUR.KZ. Атырауда 27 қаңтар күні Құлсары қаласына жаяу шығып, сол күйі із-түзсіз кеткен ер адам өлі күйінде табылды, деп жазады Zakon.kz.

Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласынан 90 шақырым қашықтықта орналасқан «Сарықасқа» учаскесінен 27 қаңтарда жолға шыққан 66 жастағы ер адам сол күйі үйіне оралмаған.

Ол Құлсары қаласына бару үшін жаяу жолға шыққан.

Атырау облыстық полиция департаменттің баспасөз қызметі оның мәйіті табылғандығы туралы ақпаратты растады. Ведомство мәліметінше, қазір тергеу жүріп жатыр.

Жоғалған ер адамды іздестіру жұмыстары «Үлкен төбе», «Сарықасқа» және«Бекжал» учаскелерінде жүргізілді.