Атырауда блогер кәсіпкерден 2 миллион теңге бопсалап, дүкеніндегі азық-түлікті тегін алған

0
776

Қазіргі таңда күдікті қамауда отыр.


Атырауда блогер кәсіпкерден 2 миллион теңге бопсалап, дүкеніндегі азық-түлікті тегін алған

ERNUR.KZ. 26 жасар блогер жеке кәсіпкердің қызметін бейнежазбаға түсіріп алып, әлеуметтік желіге жүктемеу үшін қаражат талап еткен, деп жазады Stan.kz.



Ол азық-түлік дүкенін бірнеше мәрте түсіріп, тауар салынған сөрелерді ақтарып шу шығарған. Видеоны көпшілікке жарияламау үшін 2 млн теңге қаражат сұрап, тегін азық-түлік алған. 47 мың теңге тауардың ақысын төлемеген. Сондай-ақ ақпан айында сот ғимаратындағы қызметтік бөлмеде киім қалтасынан 20 мың теңге қаражат ұрлаған.

Қазіргі таңда күдікті қамауда отыр. Ұрлық және бопсалау деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Полиция басқармасы қандай да бір ақпарат білсеңіз немесе куә болсаңыз 98-22-05 және 102 арнасына хабарлауын сұрайды.