Атырау облысында қауіпті дерттен айыққандар саны 76 адамға жетті.
Атырауда дәрігер мен үш полиция қызметкері коронавирустан сауығып шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Атырау облысында Covid-19 індетінен айыққандар саны 76-ға жетті.
Жедел штабтың ақпаратына сәйкес, инфекциялық стационардан шығарылған адамдар - 1980 жылғы Атырау облыстық ауруханасының радиолог дәрігері, 1983 жылғы полицей мен 1990 жылғы екі полицей.
Тиісті ем шараларынан кейін олардан анализ сынамалары алынып, нәтижесінде коронавирус анықталмаған.
Осылайша, Атырау облысында қауіпті дерттен айыққандар саны 76 адамға жетті. Ал, 184 адам – індет жұқтырған.