57 жастағы әйел өз меншігіндегі ГАЗель автокөлігін 2008 жылы сатып жіберген.
ERNUR.KZ. Атырау қаласынының тұрғыны 15 жыл бойы жоқ көлік үшін салық төлеп келген, деп жазады stan.kz.
57 жастағы әйел өз меншігіндегі ГАЗель автокөлігін 2008 жылы сатып жіберген. Сол уақыттан бері ол автокөліктің барлық салықтарын, айыппұлдарын төлеп келді.
“Соңғы бес жылда ол ГАЗель автокөлігінің иесін іздеді. 2022 жылы Атырау облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Руслан Мажитовтың қабылдауында болған. Полиция іздеуді бастады”, – деп мәлімдеді ПД.
Автокөлік Алматы облысы Қаскелең қаласында жүргендігі анықталып, қазіргі иесі табылды.
Атыраулық әйел көлікті тіркеуден алды. Көлік иесі салық пен айыппұл соммасы 800 мың теңгені қайтарып беруге келісті.