Компанияның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, интеграцияланған кешен кепілді эксплуатациялық сынақтарды жүргізуге және 100% жұмыс режиміне көшуді қамтамасыз ету үшін тоқтатылған.
ERNUR.KZ. Атырау қаласындағы «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС-нің интеграцияланған газ-химия кешені жөндеуге тоқтатылды. Жұмыстар 25 шілдеге дейін жалғасады, деп жазады ҚазАқпарат.
Компанияның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, интеграцияланған кешен кепілді эксплуатациялық сынақтарды жүргізуге және 100% жұмыс режиміне көшуді қамтамасыз ету үшін тоқтатылған.
«Теңіз кен орнынан алынған шикізатты қайта өңдейтін кешенде жылына 500 мың тонна полипропилен шығарылады. Бұл – әлемдегі полипропилен өндірісінің 1 пайызын құрайтын, әрі Қазақстандағы мұнай-газ өнеркәсібін өркендетуге септігі тиетін полипропилен шығаратын алғашқы кешен. Интеграцияланған кешен ішкі нарықтағы полипропилен өніміне сұранысты қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар құрылыс, медицина, автомобиль жасау, тамақ өнеркәсібі үшін полипропиленнен бұйымдар шығаратын шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жұмысын жандандыруға ықпал етеді. Кешенге американдық Lummus Technology Inc компаниясының Catofin және Novolen технологиялары орнатылған. Осыған ұқсас кешендер әлемнің Сауд Арабиясы, АҚШ, Бельгия, Оңтүстік Корея және Қытай ескілді бес елінде ғана бар», -деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.
Еске салайық, бұдан бұрын Атырау облысында газ-химия кешенінің мұржасында пропан алауы тұтанғанын хабарлаған болатынбыз. «Полипропилен өндірілетін зауытта «Теңіз» кен орнынан концентрациясы 99,9% дейін тазартылып келетін пропан қолданылады. Пропанның құрамында күкірт пен күкіртті сутегі жоқ. Пропан жанған кезде ауаға көмірқышқыл газы (CO2) мен бу ғана бөлінеді. Сондықтан қоршаған ортаға зиян келмеді», -деп хабарлаған еді «КРІ» ЖШС-нің баспасөз қызметінен.