Атырауда иесіз мұнай кен орнының қожайыны іздестірілуде

0
3 134

Күмісбек мұнай кеніші Құрманғазы ауданында, Ганюшкин аудан орталығынан шамамен 100 шақырым жерде орналасқан. Өндіру жұмыстарын «Көлжан ойл» ЖШС жүргізді. Бірақ 2016 жылы ЖШС-ның лицензия мерзімі аяқталып, оның қызметкерлері ұңғымаларды консервацияланбаған күйі тастап кетті


Атырауда иесіз мұнай кен орнының қожайыны іздестірілуде

Атырау облысында иесіз қалған мұнай кен орнының қожайынын табу туралы полицияға өтініш түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Күмісбек мұнай кеніші Құрманғазы ауданында, Ганюшкин аудан орталығынан шамамен 100 шақырым жерде орналасқан. Өндіру жұмыстарын «Көлжан ойл» ЖШС жүргізді. Бірақ 2016 жылы ЖШС-ның лицензия мерзімі аяқталып, оның қызметкерлері ұңғымаларды консервацияланбаған күйі тастап кетті», - деді аудан әкімі Бибоз Шаяхметов облыс әкімдігінде өткен отырыста. «Біршама уақыттан кейін мұнай сыртқа ақты. Жергілікті билік оны тоқтату үшін қаражат бөлді. Заң бұзушылар әлі табылған жоқ, полициядан оларды табуды сұраймыз», - деді әкім. Б. Шаяхметовтің сөзіне қарағанда, кен орнында консервацияланбаған 6 ұңғыма бар. Олардан кез келген уақытта мұнай атқылауы мүмкін. Онда мұнай өнімдеріне толы цистерналар да тұр. 30 гектарға жайылған мұнайды ауыздықтау үшін бюджеттен 61 миллион теңге бөлінген. Атап өтілгендей, «Көлжан Ойл» ЖШС-ның бұрынғы иелері заңға сәйкес барлығын реттеп кетуі тиіс.