Атырауда курьерге пышақпен шабуыл жасалды

0
114

​Атырауда тапсырыс жеткізбек болған курьерге белгісіз ер адам пышақпен шабуыл жасамақ болған.


Атырауда курьерге пышақпен шабуыл жасалды

фото:baq.kz.

ERNUR.KZ. Атырауда курьерге пышақпен шабуыл жасамақ болған 23 жастағы ер адам анықталды. Ол мас күйде бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Аталған оқиғаға қатысты облыстық Полиция департаменті түсініктеме берді, деп жазады baq.kz.

Курьердің айтуынша, ол тапсырысты жеткізу кезінде үйден қолына пышақ ұстаған ер адам шығып, тікелей өзіне қарай бет алған. Қауіпті жағдайдан кейін курьер қашып құтылып, бірден «102» нөміріне хабарласқан.

Оқиға 20 наурыз күні болған.

Атырау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, аталған құқық бұзушылыққа қатысы бар тұлға сол күні анықталған.

20 наурызда полиция қызметкерлері құқық бұзушылық жасаған азаматты анықтады. Оған қатысты қоғамдық орында мас күйде болу, бұзақылық әрекет жасау, сондай-ақ тіркеусіз тұру деректері бойынша материалдар жинақталып, сотқа жолданды, – деп хабарлады ведомство.

Белгілі болғандай, 23 жастағы азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Алайда жәбірленуші курьер арыз жазудан бас тартқан.

Соның салдарынан іс сотта жабылған.

Сонымен қатар әлеуметтік желіде оқиға бейнежазбасы тарағаннан кейін полиция қосымша тексеру жұмыстарын бастағанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Тағы оқи отырыңыздар: "Туысына келіп, төбелес шығарған": Астанада фельдшерді ұрған ер адам ұсталды.

Атырауда полицейлерге шабуыл жасағандар түгел ұсталып, қамауға алынды.