Атырауда мұғалімді итеріп жіберіп, құлатқан оқушы есепке алынды

0
750

Дәрігерлер мұғалімге гематома диагнозын қойды.


Атырауда мұғалімді итеріп жіберіп, құлатқан оқушы есепке алынды

ERNUR.KZ. Мұғалім емделу үшін демалыс алды, деп жазады zakon.kz.

Оқыс оқиға 11 қазанда №24 орта мектепте орын алды.

7-сынып оқушылары тарих бойынша БЖБ тапсырады. Мұғалім тапсырманы орындамай отырған оқушыға жақындап, оған көмек қажет-қажет еместігін сұрайды.

Жетінші сынып оқушысы өзін дөрекі ұстап, мұғалімді итеріп жібереді, өз кезегінде ұстаз еденге оңбай құлайды. Мектепке оқушының ата-анасы дереу шақырылды. Олар мұғалімнен кешірім сұрады.

Дәрігердің қорытындысы бойынша мұғалімнің оң қолында гематома пайда болған, қазір ол емделу үшін демалыс алды.

Жасөспірімге келетін болсақ, ол есепке қойылды, ал құжаттары кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберілді.