Атырауда мұнай-газ компаниясы қызметкерінің өліміне лауазымы себеп болды ма – министр жауап берді

0
157

​Ерлан Аққкенженов марқұмның туыстарына көңіл айтты.


Атырауда мұнай-газ компаниясы қызметкерінің өліміне лауазымы себеп болды ма – министр жауап берді

Фото: скрин

ERNUR.KZ. Атырауда кісі қолынан қаза тапқан мұнай-газ саласындағы компанияда лазауымды қызмет атқарған әйелдің өлімі туралы энергетика министрі Ерлан Ақкенженов пікір білдірді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Бұл - жантүргірелік жағдай. Өз атымнан марқұмның отбасына, туыс-туғандарына қайғырып көңіл айтамын. Мен әйелді жеке танымаймын. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Әйелдің өлімі оның қызметіне байланысты болуы мүмкін бе?» деген сұраққа министр: «қылмыстың оның жұмысына қатысы бар ма, жоқ па - тергеу органдары анықтайды», - деп жауап берді.

Еске салсақ, Атырауда NCOC компаниясының дамытуды жоспарлау бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген 46 жастағы Бибігүл Шпанованы өз пәтерінде ер адам тонап, артынан өлтіріп кеткен. Әйелдің денесінде зорлық-зомбылық іздері болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Шпанованың жүкті болғаны айтылады.

Полиция 1987 жылы туған ер адамды ұстап, «кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.