Күдікті әйелдің үйінен зат ұрлаған.
фото: Sputnik / Абзал Калиев
ERNUR.KZ. Атырауда мұнай компаниясының 46 жастағы қызметкерін өлтіріп кетті, деп жазады sputnik.kz.
Жалғызбасты 46 жастағы әйелді үйінде өлтірген. Күдіктінің жасы 38-де, марқұм тұрған көпқабатты үйде сантехник болған.
Полиция бұл ақпаратты растады, ал нақтысы тергеу кезінде белгілі болады дейді.
"Күдікті әйелдің үйінен зат ұрлаған. Ал әзірге жәбірленушінің зорланғаны туралы ақпарат жоқ. Оны сот-медициналық сараптама анықтайды", - дейді облыстық полиция департаменті.
Полиция күдіктінің ізін суытпай ұстаған.
"Күдікті қамауға алынды. Заттай айғақтар табылып, тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі, яғни адам өлтіру дерегімен қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Әлеуметтік желі қолданушыларынан ресми ақпаратқа ғана жүгініп, жалған ақпарат таратпауды сұраймыз", - дейді ведомство.
Қылмыстық істі полиция департаментінің басшысы тікелей бақылауына алды.