Атырауда пойыз жолаушылар мінген автобусқа соқтығысты

0
845

Автобус жүргізушісі белгіленбеген орыннан жолды кесіп өтпек болған.


Атырауда пойыз жолаушылар мінген автобусқа соқтығысты

ERNUR.KZ. Атырауда пойыз жолаушылар автобусына соқтығысты, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға 11 шілдеде сағат 14:00 шамасында болған. Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, Рауан көшесі бойындағы теміржол өткелінде №2 бағыттағы пойыз бен жолаушылар автобусы соқтығысқан. Автобус жүргізушісі белгіленбеген орыннан жолды кесіп өтпек болған. Автобустағы жолаушылардың жағдайы қалыпты екені айтылды.

Еске салайық, маусымның аяғында Алматыда жолаушылар мінген автобус Құлжа тасжолында арыққа түсіп кеткен болатын.