Жаңа қаулы 17 сәуірден бастап заңды күшіне енеді.
ERNUR.KZ. Атырауда білім беру ұйымдарында сабақты сабақты оффлайн өткізуге тыйым салынды, деп жазады ҚазАқпарат.
Бұл туралы Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Мәдениет Танауовтың жаңа қаулысында айтылған.
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру және жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, жалпы білім беретін мектептерде мектепалды даярлық сыныптары оқушыларын, 1-ден 5-сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпқа дейін қоса алғанда аралас форматта оффлайн оқытуға тыйым салынсын», делінген құжатта.
Сондай-ақ, дәстүрлі форматтағы контингенті 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар санын 15 адамға дейін, оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтан аралас форматта оқыту (сыныпта 15 адамнан асырмай, «1 сынып – 1 кабинет» қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және бетперде кию режимін сақтау) ұсынылып отыр.
Жаңа қаулы 2021 жылғы 17 сәуірде сағат 00:00-ден бастап заңды күшіне енеді.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда бір сыныпта 25 оқушының сабаққа қатысуына рұқсат берілген болатын.