ҰҚТ-ның 4 белсенді қатысушысы ұсталды.
ERNUR.KZ. Атырауда деструктивті діни ағым өкілдері ұсталды, деп жазады ҚазАқпарат.
5 шілдеде ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті прокуратурамен және облыстық полиция департаментімен бірлесіп, спорттық орта өкілдері мен деструктивті діни ағымды ұстанушылардан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың заңға қайшы әрекетінің жолын кесті.
Топқа қатысушылар ұзақ уақыт бойы бағдарлық такси жүргізушілерінен («Атырау-Орал-Атырау») , оның ішінде күш қолданамыз деп қорқытып, ақшалай қаражат бопсалаған.
ҰҚТ-ның 4 белсенді қатысушысы ұсталды.
Фигуранттардың және олардың жақын байланыстарының тұрғылықты жерінен 3 әртүрлі қару мен оларға оқ-дәрі, сондай-ақ олардың қылмыстық әрекетін растайтын құжаттық материалдар (чектер, журналдар, банк карточкалары) табылып, алынды.
Осы факт бойынша ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлігі (бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Топ жетекшісі тергеу изоляторына қамалды, қалғандары ешқайда кетпеу туралы міндеттеме алды.
Тергеу шаралары жалғасуда.