Атырауда туған сіңлісін жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген әйел ұсталды

0
1 165

Күдікті өз сіңлісін Ташкент қаласынан Шымкент қаласына, одан кейін Атырау қаласына алып келген.


Атырауда туған сіңлісін жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген әйел ұсталды

ERNUR.KZ. Атырау қаласында 25 жастағы туған сіңлісін жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген Өзбекстанның тумасы ұсталды, деп жазады sputnik.kz.

Тергеу материалына сәйкес, 2021 жылдың мамыр айында күдікті өз сіңлісін Ташкент қаласынан Шымкент қаласына, одан кейін Атырау қаласына алып келген. Азық-түлік дүкенінде сатушы болып жұмыс істейсің деген. Бірақ келгеннен кейін құжаттарын алып қойып, күш көрсеткен, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 308-бабы (Жезөкшелікпен айналысуға тарту) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Бұл қылмыс үшін 3 000 АЕК-ке (10 350 000 теңгеге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, я болмаса, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.