Атырауда жартылай жалаңаш ер адам жетімдер үйіндегі баланы соққыға жықты (ВИДЕО)

0
158

​Полиция оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады.


Атырауда жартылай жалаңаш ер адам жетімдер үйіндегі баланы соққыға жықты (ВИДЕО)

Фото: Видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Желіде ер адамның баланы ұрып-соғып жатқан видеосы тарады. Оқиға Атырау облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы мен «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің қабырғасында болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Видеоны Рүстем Баязиев 27 қаңтарда Facebook желісінде жариялады. Оның айтуынша, жүргізуші болып жұмыс істейтін ер адам балалар үйіндегі баланы ұрып-соққан. Неліктен оның жартылай жалаңаш екені, балалармен жаттығу залында не істеп жүргені белгісіз.

Кадрда 15 жастағы жасөспірім қашпақ болған, бірақ тайып, құлап, қолымен бетін бүркемелейді.

Облыстық балалар құқықтары жөніндегі уәкілі Айжан Сәрсембаева оқиға орнына облыстық білім басқармасынан комиссия аттанғанын, құқық қорғау органдарының қызметкерлері де шақырылғанын хабарлады. Полиция қылмыстық іс қозғады.

«Шаңырақ» балалар үйінде болған дерекке қатысты қылмыстық іс тірекеліп, кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», - делінген Атырау облысы полиция департаменті хабарламасында.