Вахтамен жұмыс істейтін жұмысшыларды таситын автобус бейсенбі күні кешке өртенген
ERNUR.KZ. Атырау облысында тасжолда кетіп бара жатқан жолаушылар автобусы өртеніп кетті. Оқиға видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп жазады almaty.tv.
Атырау облысы ТЖ департаментінің хабарлауынша, вахтамен жұмыс істейтін жұмысшыларды таситын автобуста өрт бейсенбі күні кешке Атырау-Доссор жол бөлігінде тұтанған. Абырой болғанда, салондағы жолаушылар сыртқа шығып үлгерген, ешкім зардап шекпеген.
Тілсіз жауды сөндіруге 11 құтқарушы мен 3 арнайы техника жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.