Оқиға салдарынан қазандықтан 12 метр қашықтықта орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің пәтерлеріндегі терезелер мен екі жеңіл автокөлік зақымданған.
Фото: видеодан алынған скрин
ERNUR.KZ. Атырау қаласының Авангард-2 ықшамауданында үш қабатты ғимаратқа жапсарлас салынған қазандықта газ-ауа қоспасы жарылды. Бір адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді, деп жазады inform.kz.
- Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың, Полиция департаментінің күштері мен құралдары, сондай-ақ ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жұмылдырылды. Жедел қызметтер оқиға орнындағы жұмыстарды жалғастырып жатыр, - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталып жатыр.


