Армения Ұлттық жиналысының (парламентінің) бүгінгі отырысы шиеленісті жағдайда өтіп жатыр.
Видеодан кадр
ERNUR.KZ. Парламент залында бір күн ішінде екінші рет биліктегі "Азаматтық келісім" партиясы мен оппозиция өкілдері арасында қақтығыс болды, деп жазады tengrinews.kz.
Биліктегі фракция депутаты Тарон Чахоян сөз сөйлеп жатқан кезде "Қуатты Армения" фракциясының жетекшісі Нарек Карапетян отырған орнынан сөз тастады. Парламент спикері Рубен Рубинян оған ескерту жасап, орнынан сөйлемеуді талап етті.
Осыдан кейін билік партиясы мен оппозиция депутаттары орындарынан тұрып кетті. Олардың арасында басталған кикілжің соңы төбелеске ұласты.
"Не болып жатқанын бәрі көрсін деп әдейі үзіліс жарияламай отырмын. Үзіліс болмайды. Төбелес бола ма, жоқ па, шешіп алыңыздар немесе тарап, орындарыңызға жайғасыңыздар", - деді парламент спикері.
News.am басылымының мәліметінше, армян депутаттары арасындағы төбелес парламент дәлізінде де жалғасқан. Қауіпсіздік қызметкерлері мен кейбір депутаттар төбелесіп жатқандарды ажыратуға тырысқанымен, оларды бірден тоқтату мүмкін болмаған.
Кейінге кезде Түркия парламентінде де мәселені жұдырықпен шешу жиілеп кетті. Мәселен, былтыр 2026 жылға арналған бюджетті бекіту рәсімі төбелеспен аяқталған. Онда Түркияның бірнеше партиясының депутаттары өзара жұдырықтасты. Ал биылғы жылдың басында Әділет министрлігіндегі даулы тағайындауға байланысты қақтығыс туындаған.


