Видеоны желіге жергілікті белсенді Рүстем Баязиев жариялады.
ERNUR.KZ. Атыраудағы "Зейнеп-Әмина" жекеменшік балабақшасында тәрбиеші баланы тепкен, деп жазады Stan.kz.
Видеоны желіге жергілікті белсенді Рүстем Баязиев жариялады.
Бала ата-анасына тәрбиешісі аяғынан тепкеніне шағымданған. Басында олар сенбегенімен, басқа балалардың ата-аналары да балалары шағымданғанын айтқан соң, мән бере бастады. Артынша баланың әкесі балабақша әкімшілігінен видеоны талап еткен. Бейнежазба оған екі күннен кейін берілді.
Осыдан кейін тәрбиеші жұмыстан босатылды. Енді ата-ана тәрбиешінің жазаланғанын сұрайды. Полиция істің барлық мән-жайын анықтап жатқанын айтады.
"Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізіп жатыр", – делінген хабарламада.