Зардап шеккендердің бірі оқиға орнында көз жұмды.
Фото: freepik
ERNUR.KZ. Бұл деректі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқиға 20 қаңтарда болған, деп жазады inbusiness.kz.
"Атырау қаласында салынып жатқан тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында екі жұмысшы 5-қабаттан құлағаны анықталды. Оқыс оқиға орнында 43 жастағы ер адам ауыр жарақаттың салдарынан мерт болды. Ал 33 жастағы ер адам түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді", -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір аталған оқиғаға байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық іс қозғалды. Соған сәйкес кешенді тергеу амалдарын жүргізу басталды.