«Тенгизшевройл» компаниясы аталған жағдайды ретке келтіру үшін жергілікті мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс істеп жатыр.
ERNUR.KZ. «Тенгизшевройл» компаниясы Атырауда жұмысшылардың көтеріліске шығуына қатысты пікір білдірді, деп жазады Stan.kz.
«Тенгизде» болған жағдайға қатысты 29 маусым күні үшінші ұрпақ зауытының құрылыс алаңында жұмысшылар арасында тұлға аралық келіспеушілік болды. Осы келіспеушілік салдарынан туындаған көтеріліс барысында CCEP ұйымының бірнеше қызметкері жарақат алды. Дәл қазір компаниямыз аталған жағдайды ретке келтіру үшін жергілікті мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс істеп жатыр», - деді компания баспасөз қызметіндегілер.
Сондай-ақ, "Тенгизшейройлдағы" жағдайға байланысты Энергетика министрінің бірінші орынбасары Махамбет Досмұхамбетовтың бүгін кешке Атырауға ұшып шығатыны белгілі болды.
Атыраудағы мұнайшылардың көтерілісі шетелдік азаматтың қазақ қызымен бірге түскен суретін әлеуметтік желіге салуымен байланысты туындаған.