Ол алаяқтықпен айналысты деген күдікке ілінді.
ERNUR.KZ. Атыраудың бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының шешіміне сәйкес екі айға қамауға алынды, деп жазады inbusiness.kz.
Бұған дейін ол 9 қарашада "жер телімдері саласында алаяқтықпен айналысты" деген күдікпен ұсталған болатын.
"Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының 11 қарашадағы қаулысымен Қайрат Оразбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", – деп жазылған сот хабарламасында.