Министрлік жаңа Салық кодексінің жобасы әлі талқыланып жатқанын еске салды.
ERNUR.KZ. Ұлттық экономика министрлігі азаматтардың банктік аударымдарына қосылған құн салығына салық салынатыны туралы ақпараттың таралуына байланысты мәлімдеме жасады, деп жазады sputnik.kz.
Ведомствоның мәліметінше министрліктің ұсынысы банктер өз қызметі үшін клиенттерден алатын комиссияларға салық салу (ҚҚС) жөнінде болып отыр. Бұл ретте картаны шығару үшін немесе аударымдар үшін банк алатын комиссияларды мысал ретінде келтіруге болады.
Егер бір банктің ішіндегі ақша аударымдары комиссиясыз жүзеге асырылса, тиісінше мұндай жағдайларда салық салынбайды.
Министрлік жаңа Салық кодексінің жобасы әлі талқыланып жатқанын еске салды.
Ұсынылған нормаларды парламент депуттатары, бизнес-қоғамдастық пен жұртшылық талқылап жатыр. Кодекстің соңғы жобасы 2025 жылы қабылданады.