"Ауди" көлігінде кетіп бара жатқан бұзау желінің жұлдызына айналды

0
754

"Ауди" көлігінің жүргізушісі малды ауылдан қалаға сатуға алып келе жатқанын айтыпты.


иллюстрациялық фото

Қызылжарда "Ауди" көлігінде кетіп бара жатқан бұзау желінің жұлдызына айналды. Облыс тұрғыны көліктің артқы орындығын алып тастап, тірі бұзауды мінгізіп алған, деп хабарлайды ERNUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.

Оның көлік терезесінен адамдарға тесіле қараған сәтін жолаушылар телефондарына түсіріп алыпты. Қалаға кіріп бара жатқан көліктегі жануар жан-жағына жалтақтайды. Тәртіп сақшылар ерекше жолаушысы бар көлікті анықтап, көше бойынан тоқтатыпты.

"Ауди" көлігінің жүргізушісі малды ауылдан қалаға сатуға алып келе жатқанын айтыпты. Арнайы көліктің болмағанын түсіндірген. Алайда, бұл оны жазадан құтқара алмады. Полиция шамамен 14 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттепті.

"Бұл факті бойынша жүргізушіге ҚР әкімшілік кодексінің 593 бабы бірінші бөлігі, яғни ережеден тыс келген жүктерді тасымалдау үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жүргізушіге бес АЕК айыппұл салынды" - дейді СҚО ПД Облыстық полиция батальонының взвод командирі, Жасұлан Сәдуақасов.