Рыбакина Австралия ашық чемпионатының ширек финалына шыққан тұңғыш қазақстандық әйел атанды.
ERNUR.KZ. Елена Рыбакина (№25) әлемнің №1 ракеткасы польшалық Ига Швентекті жеңіп, Австралияның ашық чемпионатының ширек финалына шықты, деп жазады sputnik.kz.
Бұл үшін Қазақстанның бірінші ракеткасы бір жарым сағат уақыт жұмсады – 6:4, 6:4. Ал екінші сетте Елена 0:3 есебімен жеңіліп қалды.
Турнирдің жартылай финалына шығу үшін қазақстандық теннисші Кори Гауфф және Елена Остапенко арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.