Ауыл имамы оқушымен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікке ілінді

0
2 537

Айтуға ауыз бармайтын жағдай Қарағанды облысында болған.


Ауыл имамы оқушымен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікке ілінді

иллюстрациялық фото

Қарағанды облысында ауыл имамы кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Тергеу мәліметінше ол мектеп оқушысымен жыныстық қатынасқа түскен. Алайда мешіттегілер 40 жастағы күдіктінің мүфтиятқа қатысы жоғын айтады.

Айтуға ауыз бармайтын жағдай облыс орталығынан шалғайдағы ауылда болған.

Алғашқы қауесет ауыл тұрғындарының әңгімесінен тараған. Тіпті мектеп оқушысы имамнан жүкті болып, жасанды түсік те жасағаны туралы сөз желдей ескен. Осыдан кейін ақпаратты тексеруге ауылға барған полицейлер оқиғаны растап, қыз зорлау фактісімен іс қозғады.

Қаршадай қызға жыныстық қылмыс жасалғаны туралы ата-анасы да жақ ашпаған. Ал мүфтияттың айтуынша, күдіктінің діни білімі болғанымен, имамдық сертификат алмапты. Дегенмен ауылдағылар оны діни жоралғыларды өткізуге шақырып ауыл молдасына айналдырып алған.

"Аталған жайтқа байланысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері іске қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы облыс тұрғынын ұстады. Оған қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды", - дейді Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.