Автобус жүргізушісі екі жыл бойы жұма сайын жолаушыларды тегін тасымалдаған

0
866

Жүргізуші жолаушылар үшін ай сайын 50 мың теңгедей құрбандық жасайды.


Автобус жүргізушісі екі жыл бойы жұма сайын жолаушыларды тегін тасымалдаған

ERNUR.KZ. Ақтөбеден 90 шақырым жерде орналасқан Қандыағаш қаласындағы "ГАЗел" жүргізушісі екі жыл бойы жұма сайын жолаушыларды тегін тасымалдап келеді, деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл туралы Жаңабай Шәріпов есімді қала тұрғыны "Диапазон" газетіне айтып берген.

"15 қарашада Қандыағашта бірінші бағыт бойынша жүретін "ГАЗелге" міндім. Салон жолаушыға толып тұрды. Мен кондукторға 60 теңге беріп едім маған ақшаны қайтарып, бұл "ГАЗелде" жұма сайын жол жүру тегін екенін айтты.

Соңғы жылдардағы көрініс басқа ғой: барлығына үш есе төлейміз, бәрін есептеп, ұстап қалып жатады, тегін ештеңе жоқ. Үйім алты аялдамадан кейін еді. Бірақ бұл - өмірімдегі ең ұзақ жол болды. Мен тіпті 60 теңгені әмияныма салмай үйіме жеткенше қолымда ұстап тұрдым.

(...) Менің есептегенім бойынша, жүргізуші жолаушылар үшін ай сайын 50 мың теңгедей құрбандық жасайды. Отбасына және өзіне қиын болады ғой. Осымен үшінші жыл екен. Әр жұма сайын. Ол тек есімін айтты - Тимур. Оның әріптестерінен шын есімімін сұраған едім. Есімі - Темірбек Құсайынов. Мен оны суретке түсіріп үлгермедім. Ол кетіп қалды. Адамдарға жақсылық жасауға асығып кетті", - дейді қала тұрғыны.