Автобустар мен жедел жәрдем көліктері жол ережесін бұзушыларды тіркей бастады

0
342

Атырау облысында пилоттық режимде жасырын патрульдеу және қоғамдық көліктер мен жедел жәрдем көліктеріне камералар орнату жобасы енгізілді.


Автобустар мен жедел жәрдем көліктері жол ережесін бұзушыларды тіркей бастады

Фото: Polisia.kz

ERNUR.KZ. Атырауда жедел жәрдем көліктері мен автобустар жасырын патрульдеу жүргізе бастады, деп жазады tengrinews.kz.

Атырау облысында пилоттық режимде жасырын патрульдеу және қоғамдық көліктер мен жедел жәрдем көліктеріне камералар орнату жобасы енгізілді.

ІІМ мәліметінше, жобаның мақсаты – жол қозғалысын бақылауды күшейту және жолдағы құқық бұзушылықтарды азайту.

Басты міндет – көліктерді автоматты түрде құқық бұзушылықтарды тіркейтін жүйелермен жабдықтау, бұл көлік ағынын бақылауға және ереже бұзу деректерін тіркеуге мүмкіндік береді.