Сәлемдеме Қазақстандағы адресатқа жеткізілуі тиіс болған
ERNUR.KZ. Ресейдің Федаралды қауіпсіздік қызметіне қарасты шекара басқармасы Омск-Қарағанды бағытындағы жолаушылар автобусынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер тапты, деп жазады Bag.kz.
«Омск онлайн» порталының мәліметіне сәйкес, РФ ФҚҚ Шекара басқармасы Черлак ауданындағы «Ольховка» өткізу пунктінен жолаушылар автобусына тексеріс жүргізген. Тінту барысында қызметкерлер Омск-Қарағанды бағытындағы автобустың жүк салғышынан 2 Калашников АКСУ автоматы мен РПГ-7 граната атқышының 4 макетін тапқан.
«Болған жағдайды автобус жүргізушілері «қару-жарақ пен оқ-дәрілерді Омск автовокзалында белгісіз азаматтардың берген» деп түсіндірген. Олар сәлемдемені Қазақстандағы адресатқа жеткізуді өтініпті», - делінген РФ ФҚҚ Шекара қызметінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Шекара басқармасы қызметкерлері қару-жарақты тәркілеп, істі Черлак аудандық ІІБ-не тапсырды.