Автокөліктердің «көлеңкелі» импортына бақылау күшейетін болды

0
179

Үкімет басшысы тиісті тапсырма берді.


Автокөліктердің «көлеңкелі» импортына бақылау күшейетін болды

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Үкімет еліміздегі автокөліктердің «көлеңкелі» импортына бақылауды күшейтетін болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Автоөндірушілердің алдында тұрған негізгі проблемалардың қатарында логистика, сондай-ақ Қазақстанға «қылмыстық» өткені бар және техникалық регламентке сәйкес келмейтін автомобильдерді әкелу ісі тұрғаны атап өтілді.

Осыған байланысты премьер-министр мемлекеттік органға көлікті «көлеңкелі» жеткізу ісімен айналысуды тапсырды.

«Мәселе өте маңызды. Ол отандық автоөндірушілер үшін жосықсыз бәсекелестік туғызады. Бұл әсіресе жүк көлігінде байқалады. Кеден органдары, стандарттау комитеті бұл мәселемен байыпты айналысуға тиіс. Сондай-ақ, полиция да қосылуы керек. Мен автомобиль зауыттарының бірінде өндірушілермен кездестім, олар: «біз өндіреміз, бірақ мұнда Еуро2 ретінде келетін техникамен бәсекеге түсе алмаймыз, оларда Еуро5 құжаттары қандай да бір керемет жолмен пайда болады» дегенді айтты. Мұнда қатаң тәртіп орнату қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.