150-ДЕН АСТАМ ӨТІНІШ: Шымкентте кезекті азаматтарды қабылдау өтті

0
97

Тұрғындардың өтініштерімен жұмыс істеу жүйелі жалғасады.


150-ДЕН АСТАМ ӨТІНІШ: Шымкентте кезекті азаматтарды қабылдау өтті

Шымкент қаласы әкімдігінде кезекті азаматтарды қабылдау өтті. Қала тұрғындары баспана мәселесі, жер қатынастары, білім беру, денсаулық сақтау, қалалық инфрақұрылымды дамыту және абаттандыру бағыттары бойынша өтініштерін жеткізді.

Тұрғындардың өтініштері әрқайсысының нақты жағдайы ескеріле отырып қаралды. Қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер бойынша жауапты орындаушылар белгіленіп, оларды шешу бағытындағы алдағы жұмыстар айқындалды.
Қабылдау қорытындысы бойынша қала әкімі басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне көтерілген мәселелерді жан-жақты зерделеуді, қажет шаралар қабылдауды және оларды шешуде нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды. Сонымен қатар, өтініштерді қарау мерзімдерінің сақталуына және тұрғындармен кері байланысты қамтамасыз етуге ерекше назар аударуды міндеттеді.
Жалпы, бір күн ішінде қала әкімі, аудан әкімдері мен қалалық басқарма басшылары 150-ден астам азаматты қабылдады. Тұрғындардың өтініштерімен жұмыс істеу жүйелі жалғасады.
Айта кетейік, келіп түскен әр өтініш жеке қаралып, өтініш иелеріне оның қаралу нәтижесі туралы уақтылы ақпарат беріледі.
Бөлісу