"Аяғына оқ тиген": Қарағанды облысында атыс болды

0
478

Оқиғаның барлық қатысушылары анықталған.


ERNUR.KZ. Қарағанды облысының Шет ауданына қарасты Ағадыр кентінде атыс болды, деп жазады inbusiness.kz.

Облыстық полиция департаменті жанжалға қатысушылардың барлығы анықталғанын хабарлады.

Оқиға салдарынан ер адам медициналық мекемеге аяғынан оқ жарақатымен түсті.

"31 Наурызда Ағадыр кентінің медициналық мекемесіне жергілікті тұрғын оқ жарақатымен жеткізілді. Полицияда кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық қатысушылары анықталды", делінген хабарламада.