Аяжан Еділованың күдіктімен жолыққан кезі түсірілген видео жарияланды

0
2 324

​Аяжан Еділованың азапты өліміне қатысты адам шошырлық деректер анықталды. Қазір 28 жастағы күдікті қамауда отыр.


Аяжан Еділованың күдіктімен жолыққан кезі түсірілген видео жарияланды

ERNUR.KZ. Желіде 19 жастағы Аяжан Еділованың өзін азаптап өлтірген ер адаммен бірге лифтіге кіріп бара жатқаны түсірілген видео жарияланды, деп жазады sputnik.kz.

Полицейлер ақпараты бойынша, марқұм ғаламтор арқылы танысқан жігітпен үш күн бойы хат алмасып, кейін кездесуге барған.


31 арнаның мәліметінше, кездесу Алматының Алатау ауданындағы Нұркент 5 тұрғын үйіндегі бейнебақылауға жазылып қалған.

Аяжан Еділованың азапты өлімі

Полицияның арнайы жасағы есігін бұзып кірген пәтерде Аяжанның бөлшектелген денесі табылған. Ең сорақысы құзырлы орган өкілдері күдікті бойжеткеннің тырнағы мен тістерін сындырғанын ашық айтып отыр. Ал күдіктімен интернет арқылы танысқан өрімдей қыздың не себепті белгісіз азаматтың үйіне барғаны әзірге жұмбақ. Марқұмның туыстары Аяжанды іздеп барғанда арызымызды Медеу аудандық полиция бөлімі қабылдамай қойды деп ашулы.

Бір отбасының аялап өсірген жалғыз қызы Аяжан жасынан сурет салуды, сәнді киім тігуді жақсы көріпті. Оқуда озат Аяжан, сол қаралы күні жұмысының маңынан таксиге отырып, күдіктімен жолығуға барған.

Полиция есікті бұзып кіргенде қылмыскер қолына пышақ алып, өзінің мойнын тіліп үлгерген. Күдікті Аяжанның денесінің бір бөлігін тоңазытқышқа жасырған. Қазір бұл пәтерде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Араларында жанжал шыққан. Жанжалдың нәтижесінде ол қыз баланы өлтіріп, қылмыстың іздерін жасыру мақсатында оның денесін бөлшектеген. Қылмыс аса қатыгездікпен, жауыздықпен жасалған", - дейді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.