Аяжан Еділованың өлімі: сот күдіктіге үкім шығарды

0
678

​Алматыда сот биыл наурыз айында бүкіл елді дүрліктірген іске қатысты сот үкімін шығарды.


Аяжан Еділованың өлімі: сот күдіктіге үкім шығарды

ERNUR.KZ. Алматыда Аяжан Еділованың өліміне қатысты сот үкімі шықты, деп жазады sputnik.kz.

Күдікті Төребеков айыпты деп танылып, 25 жылға сотталды.

Сот барысында ол бойжеткенді зорлады деген айыппен келіспей, тек кісі өлтіргенін ғана мойындаған еді.

Аяжан Еділованың өлімі бойынша сот отырысы 9 қарашада басталды. Іс Алматы қаласының аса ауыр қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық режимде қаралды. Аяжанның отбасының атынан сотқа қатысқан қорғаушы Қадіржан Ғалымжанұлы қылмыстық іс 30 томнан тұратынын және 30-ға жуық сараптама өткізілгенін мәлімдеді.

Аяжан Еділованың өлімі

Аяжан Еділова 2021 жылдың 19 наурызында жоғалып кетті. Бойжеткен жұмысынан шшыққаннан кейін үйіне оралмаған, Оның аяусыздықпен өлтірілгені туралы 22 наурызда белгілі болды. Студент қыздың денесі бөлшектеліп, қоқыс тастайтын орындарға жасырылғаны, оның тырнақтары жұлынғаны белгілі болды. Аяжанды Талдықорғанда жерледі.

Күдікті мен Аяжан келісім бойынша кездескен. Бірақ бұл кездесуге не себеп болғаны бүгінге дейін белгісіз. Аяжанның туыстары бұл кездесу бойжеткеннің бизнесіне қатысты болған деген болжам жасады: ол киім-кешек дизайнымен айналысқан.

Ер адам бірден ұсталды. Ол Аяжанмен бірге жүргені подъездегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Күдікті 1993 жылы туған және Түркістан облысында тұрғаны белгілі. Таныстары оның мінезін сабырлы деп сипаттады. Тәртіп сақшылары ұстаған кезде күдікті өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Ауруханадан шыққаннан кейін ол тергеу изоляторына жабылды.

Күдіктіге Қазақстан Республиикасы Қылмыстық кодексінің екі бабы: 120-бабы – "Зорлау" және 99-бабы – "Басқа қылмысты жасыру мақсатында кісі өлтіру" бойынша айып тағылды. Тергеуді Алматы қаласының мамандандырылған прокуратурасы жүргізді.