Қазақстан түрмелерінде сотталғандар арасында жасалатын қылмыс 44%-ға артты

0
1 441

Тәуелсіздік жылдарында халықаралық түрме индексі бойынша Қазақстан 3-тен 73-ші орынға көтерілді. Елдегі жазасын өтеушілердің саны 100 мыңнан 35 мыңға азайып, 8 колония жабылды. Бюджеттің үнемделуі 12 млрд теңгені құрады.


Қазақстан түрмелерінде сотталғандар арасында жасалатын қылмыс 44%-ға артты

Бұл туралы бүгін Бас Прокурор Қайрат Қожамжаровтың төрағалық етуімен өткен қылмыстық жазалардың орындалуы кезінде заңнаманың сақталуына және «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қызметіне тексеру қорытындылары бойынша алқа отырысында айтылды,-деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бас Прокурор Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында қылмыстық процесті ізгілендіру мен репрессивтілігін азайту мақсатында кешенді шаралардың қабылданғанын атап өтті.

Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша жүргізілген тексерулер заңдылықты қамтамасыз ету мен қамаудағылардың құқығын қорғауда проблемаларды анықтады.

Сотталғандар арасында жасалатын қылмыс 44%-ға артты. Құқық бұзушылықтардың негізіне өзара қақтығыстар, режимді әдейі бұзу және денеге зақым келтіру енеді.

Қ. Қожамжаров азаптаудың алдын алу мен ескерту бойынша жүйелі түрде жұмыстар жүргізу қажеттілігін ерекше атап өтті. Осы орайда, ІІМ-не түзеу мекемелеріндегі режимді қамтамасыз етудің тетігін жетілдіру бойынша тапсырма берді.

«Әрбір түскен шағым бойынша әрекеттер бірыңғай алгоритмін дайындау қажет», - деді Бас Прокурор.

Қазақстанда қылмыстық процесті ізгілендіру нәтижесінде халықаралық түрме индексі бойынша Қазақстан 3-тен 73-ші орынға көтерілді. Елдегі жазасын өтеушілердің саны 100 мыңнан 35 мыңға азайып, 8 колония жабылды. Бюджеттің үнемделуі 12 млрд теңгені құрады.