Қазақстанда 86 лауазымды тұлға азаптау фактісі бойынша сотталған

0
1 929

Заңға сай тұлғаларды ұстау мерзімі 72 сағаттан 48 сағатқа, соның ішінде кәмелетке толмағандарды ұстау 24 сағатқа дейін қысқартылды, сондай-ақ сотқа дейінгі сатыда соттың бақылау шегі кеңейтілді, сотқа тергеу әрекеттерін санкциялау құқығы берілді.


Қазақстанда 86 лауазымды тұлға азаптау фактісі бойынша сотталған

фото: иллюстарциялық

Бұл туралы Астанада «Азаптаусыз қоғамға: тәжірибеге шолу және кейінгі қадамдар» тақырыбында Халықаралық конференциясында айтылдыі. Шара Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бастамасымен Еуропалық Одақтың «Қазақстандағы қылмыстық әділ сотты жетілдіру» атты жобасының аясында ұйымдастырылды,деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. .

1998 жылы Қазақстан Азаптауға қарсы конвенцияны ратификациялағаннан бастап елде бірқатар нақты шаралар қабылдады. Соның ішінде, ұлттық заңнамаға халықаралық актілердің негізгі элементтері енгізілді, азаптау Қылмыстық кодекстің жеке бабы ретінде белгіленді, осы санаттағы істерді тергеп-тексеру барысында баламалы рет-ретімен тергеу енгізілді, қылмыстық жауаптылық қатаңдатылды, тәуелсіз мониторинг институттары енгізілді және т.б.

Қазақстанда жыл сайын азаптау және зорлық-зомбылыққа қатысты 700-дей арыз тіркеледі. Соңғы 4 жылда 86 лауазымды тұлға азаптау фактісі бойынша сотталды.

2017 жылы Бас прокуратураның бастамасымен қылмыстық сот төрелігі саласындағы азаптаулар және қатыгездік көрсету мәселелерін кешенді түрде жою мақсатында «Азаптаусыз қоғамға» жобасы ұсынылды.

Жобада азаптауға қарсы күресте әлемдегі үздік тәжірибелер, БҰҰ-ның салалық Комитеттерінің стандарттары мен ұсыныстары, сонымен қатар заңнаманың және ұлттық құқықтық жүйенің ерекшеліктері ескерілді. Жобаны 2019 жылға дейін жүзеге асыру жоспарланды.

Бүгінде Бас прокуратура азаптаудың алдын алудың тиімділігін қарастыратын жаңа заң жобасын дайындады. Онда адамдарды азаптағандарды жәбірленушімен татуласуына және ісіне өкініш білдіргеніне қарамастан қылмыстық жауаптан босатпау қарастырылған.

Сонымен қатар, азаптаудың алдын алу мақсатында колонияларды бейнекамералармен жабдықтау мен қызметкерлерін бейнетіркеуіштермен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

Өткен жылдың желтоқсан айында қылмыстық процесті жаңғырту туралы заңның қабылдануы азаматтарды сотқа дейінгі сатыда қорғау кепілдігін нығайтуда жаңа серпін берді. Заңға сай тұлғаларды ұстау мерзімі 72 сағаттан 48 сағатқа, соның ішінде кәмелетке толмағандарды ұстау 24 сағатқа дейін қысқартылды, сондай-ақ сотқа дейінгі сатыда соттың бақылау шегі кеңейтілді, сотқа тергеу әрекеттерін санкциялау құқығы берілді.

Азаматтардың құқығын қорғауда «Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы» Заңының қабылдануы – маңызды қадамның бірі. Онда азаптаудың құрбандарына өтемақы төлеудің негіздері айқындалған.

Құқық қорғау органдарындағы сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында азаптаудың алдын алу мақсатында 490 арнайы жауап алу кабинеті бейнеқамералармен жабдықталды. Жауап алынушылардың туыстары жауап алу барысын онлайн режимінде көре алады.

Бұл шаралар құқық қорғау органдарының шешімдері мен әрекеттеріне қатысты шағымдардың санын 38-ден 27 мыңға, тергеу жүргізу барысындағы заңсыз амалдардырды 4,7-ден 2,6 мыңға және азаматтарды негізсіз жеткізу фактілерін 112-ден 54-ке дейін төмендетті.

Азаптауларға қатысты қылмыстық істерді тергеп-тексеру сапасын арттыру мақсатында Бас Прокурор Қайрат Қожамжаровтың тапсырмасымен Құқық қорғау органдарының академиясы Стамбул хаттамасы негізінде азаптау туралы арыздарды тергеп-тексеру әдістемесін дайындады. Әдістеме барлық құқық қорғау органдары мен мамандандырылған ЖОО-на тәжірибелік қызметінде қолдану және зерделеу үшін жолданды.

Конференция қатысушылары мүдделі органдар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда халықаралық стандарттар негізінде жұмыс жүргізуде деген пікірге келді.