Қазақстандықтардың Дубайдағы баспаналары қирады ма: СІМ жауап берді

0
86

Мәселе Fairmont The Palm кешені туралы болып отыр, онда қонақ үй мен пәтерлер бар.


Қазақстандықтардың Дубайдағы баспаналары қирады ма: СІМ жауап берді

Фото: Fadel SENNA / AFP via Getty Images

ERNUR.KZ. Сыртқы істер вице-министрі Әлібек Бақаев Дубайда қазақстандықтардың тұрғын үйлері зардап шеккені туралы ақпаратқа пікір білдірді, деп жазады ulysmedia.kz.

Мәселе Fairmont The Palm кешені туралы болып отыр, онда қонақ үй мен пәтерлер бар. Бұған дейін журналист Манас Қайыртай «Қазақстан Дубайда» зерттеуінде C4ADS ұйымының 2022 жылғы есебіне сілтеме жасай отырып, Қазақстан азаматтары бұл кешеннен шамамен 97 пәтер сатып алғанын хабарлаған еді.

Әлібек Бақаев аталған кешенде тұратын Қазақстан азаматтарынан ведомствоға өтініш түспегенін мәлімдеді.

"Бізде жылжымайтын мүліктің кімге тиесілі екендігі туралы ақпарат жоқ. Жалпы Дубайда және Таяу Шығыста Қазақстан азаматтары тұрады. Бірақ бізде кімнің қай үйде тұратыны туралы мәлімет жоқ. Бізге ешқандай өтініш түскен жоқ. Қазақстанның брде-бір азаматы қаза тапқан жоқ. Біз жағдайды бақылауда ұстаймыз", - деді ол Үкіметте өткен брифингте.

СІМ сондай-ақ желіде тараған жылжымайтын мүлік иелерінің тізімі ресми расталмағанын айтты.

Желідегі жарияланған жылжымайтын мүлік иелері арасында:

Бағдат Баталов - Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Баталовтың жұбайы;

Мирас Мәми - Қайрат Мәмидің ұлы;

Лейла Адайбекова - ОСК-ның бұрынғы басшысы Берік Имашевтың жұбайы;

Елжан Имашев - Берік Имашевтың ұлы;

Жанар Сейдвалиева - Қайрат Шәріпбаевтың бұрынғы жұбайы;

Қорлан Шәріпбаева - Қайрат Шәріпбаевтың қызы;

Өркен Есей - бұрынғы Алматы әкімі Ахметжан Есімовтың күйеу баласы;

Алена Шенесары - мәжілістің бұрынғы депутаты Гүлжан Қарағұсованың келіні;

Қайсын Жұмағалиев - бұрынғы цифрлық даму министрі Асқар Жұмағалиевтің анасы;

Сержан Дүйсебаев - Қазақстанның ЕАЭО-дағы өкілі;

Руслан Ақбердиев - Президенттің Күзет қызметінің бұрынғы қызметкері;

Ғабдулхаким Жасыбеков - Президент Әкімшілігінде жұмыс істеген генерал;

Николай Родостовец - бұрынғы министр;

Ардақ Зиябек - бұрынғы вице-министр Берік Толымбаевтың ұлы.

БҰҒАН ДЕЙІН

Естеріңізге сала кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға шабуыл жасады. Дональд Трамп Тегеран «шексіз қан төгу науқанын» жүргізіп жатқанын және АҚШ пен оның одақтастарына қауіп төндіретінін айтты. Ол Иранда ядролық қарудың пайда болуына жол бермеу қажеттігін атап өтті. Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац елдің іс-қимылын Израильге төнген қауіп-қатердің алдын алуға бағытталған «алдын ала соққы» деп атады. Бұған жауап ретінде Иран Израильге, сондай-ақ БАӘ, Бахрейн, Сауд Арабиясы мен Кувейттегі американдық әскери базаларға зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтарын ұшырды.