Сотта із-түзсіз кетіп, кейін өлі күйінде табылған ерлі-зайыптының ісі қаралды.
Фото: instagram.com/zello.poisk
ERNUR.KZ. Ерлі-зайыпты азық-түлік алатынын айтып, үйден шыққан. Жол бойында жанжалдасып, марқұм сотталушы әйелін пышақтап тастаған, деп жазады inform.kz.
Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында із-түзсіз кетіп, кейін өлі күйінде табылған ерлі-зайыптының ісі қаралды. Іс Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігімен қозғалып, сотқа жетті. Айыпталушы ретінде марқұм Аманжол Алмағанбетов танылған. Іс материалына сүйенсек, 2025 жылдың 20 қарашасы күні А.Алмағанбетов азық-түлік сатып алатынын айтып, әйелін көлігіне мінгізіп алады.
Жолда әйелімен арада жанжал болып, көлікті тоқтатады. Кейін қолына асхана пышағын алып, көліктің артында отырған әйелінің жанына жайғасады. Оны орындыққа жатқызып, аяғымен арқасынан басып тұрып, бірнеше рет мойнын пышақпен осып жіберген. Кейін сотталушы сол көлігімен мал базарына барып, 10 метрлік жіп сатып алады.
Іс материалында сотталушының сол маңдағы өндірістің цех ішіне барып, асылып қалғаны туралы жазылған. Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігімен айыпталған А.Алмаганбетов Қылмыстық-процестік кодекстің 35-бабы 1-бөлігі 11-тармағына сәйкес өндірістен тоқтатылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, былтыр ерлі-зайыпты жоғалып, іздеу жарияланды. Кейін олардың денесі табылды.


