Кәмелетке толмаған қыздың анасы полицияға арыз жазған.
ERNUR.KZ. Павлодарда сауда орталықтарында әжетханада қыздарды сығалаған ер адам ұсталды, деп жазады Tengrinews.kz.
"Жедел тергеу шаралары барысында Павлодар қалалық полиция басқармасының қызметкерлері Өзбекстан Республикасының 1968 жылғы азаматын анықтап, ұстады. Ол мейрамханалардың бірінде аспаз болып қызмет етеді екен", - делінген Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында. Ер адам жұмыс орнында ұсталған.
Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы ("Жас балаларды азғындық жолға түсіру") бойынша жүргізіліп жатыр.
Осыған дейін, Павлодар полицейлері сауда орталықтарында әжетханада қыздарды сығалаған ер адам іздестіріліп жатқаны айтылған еді. Кәмелетке толмаған қыздың анасы полицияға арыз жазған.
Ер адам бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Сауда орталығының қызметкерлері белгісіз ер адамның әйелдер әжетханасында жасырынып, айна мен телефон арқылы қыздарды сығалаған.